Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурор Қайрат Боранбаевқа алты жыл мерзім кесуді сұрады

Боранбаев ісі, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 11:33 Сурет: Zakon.kz
Астанада апелляциялық алқа кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр. Прокурор сотталушыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокурор Олжас Хайруллаевтың айтуынша, Қылмыстық-процестік кодексінің 613-бабының талабына сәйкес тараптар кінәні мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу келісімін жасасу шарттары бар екенін растады.
"Сотталушылар азаптауға немесе басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға ұшырамаған, олар өз еркімен кінәсін мойындау үшін процессуалдық келісімге отырған және оның құқықтық салдарын біледі. Жәбірленушілердің өкілдері кінәні мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу келісімін жасасуға келісіп отыр және Боранбаевқа, Нахановқа және Жанұзаққа қоятын талабы жоқ". Прокурор Олжас Хайруллаев

Прокурор Олжас Хайруллаев соттан Қайрат Боранбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігінде, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп табуды сұрады. Прокуратура өкілі Боранбаевты 28-бап бойынша алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Екінші бап бойынша айыптаушы тарап қысқа мерзім сұрады.

"218-бап бойынша – 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде жазаның қысқартылған мерзімін ескеру арқылы Боранбаев мүлкін тәркілеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Боранбаевқа жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеу тағайындалсын. Боранбанбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енген кезде өзгеріссіз қалдырылсын". Прокурор Олжас Хайруллаев

Сот шешімді бүгін түстен кейін жариялауға тиіс.

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталып, қамауға алынғаны 2022 жылдың 17 наурызында белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: