Жаңалықтар тізбегі
0

Сауда орталығында құлаған баланың анасы: Ұлым әкесінің қолынан түсіп кетті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2017 22:11 Zakon.kz
Баланың анасы болған оқиғаға ешкімді кінәламайды.
Бүгін "Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлап кеткен баланы ауруханадан шығарды. Ауруханада екі жасар баланың анасы оқиғаны нақтырақ баяндап берді, - деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Анасының айтуынша, сол күні үлкен қызының туған күні болған екен, отбасыларымен бірге "Март" сауда орталығына келген. Эскалатормен түсіп келе жатқанда Айнұр екі айлық сәбиі мен баланың арбасын ұстап тұрған. Ал екі жасар ұлы әкесінің қолында болған. Бір сәтте арбаның дөңгелегі эскалаторға қысылып қалған. Анасы арбаны аударылып кете ме деп қорқып, дөңгелегін шығару үшін еңкейген. Күйеуі әйеліне көмектесемін деп ол да еңкейген. Сол кезде қалай екені белгісіз, бала төменге құлап кеткен.

Баланың анасы болған жағдайға ешкімді кінәлағысы келмейді.

Қазіргі уақытта баланың денсаулығына ата-ананың шағымы жоқ. Отбасында барлығы төрт бала: оның екеуі - ұл, екеуі - қыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2017 22:11
, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2017 22:11
, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2017 22:11
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: