Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада бүгін «Шабыт» фестивалі басталады

Жастар фестивалінде Латвия, Армения, Ресей, Өзбекстанның өнерлі өрендері де бақ сынайды.

Сурет : 3 Қараша 2017, 16:23
Осымен жиырмасыншы рет шымылдығын түргелі тұрған шара 500-ден астам дарынды жастың басын қосты, - деп хабарлайды Хабар 24.

Жастар фестивалінде Латвия, Армения, Ресей, Өзбекстанның өнерлі өрендері де бақ сынайды. Ал 100-ден астам өнерпаз Елорданың намысын қорғайды. Қатысушылар «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Актерлік шеберлік», «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша өзара мықтыны анықтайды. Айта кетейік, биыл «Үздік әдеби шығарма» аталымында балалар мен жасөспірімдерге ғана арналған шығармалар қабылданған. Ал үздік туындылар ғаламторда жарияланады.

– Біз 20 шығарманы іріктеп алдық. Биыл 6 шығармаға бәйге беріледі. Бас бәйге, бірінші орын, екінші орын, үшінші орын. Бердібек Соқпақбаев атындағы ынталандыру сыйлығы да бар. Сондай-ақ мәдениет басқармасының тағайындаған сыйлығымен алты бәйге, - деді «Үздік әдеби шығарма» аталымы қазылар алқасының төрағасы Несіпбек Айт.

Фото: Хабар 24

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер