Жаңалықтар тізбегі
0

Құнды жәдігерлер Сауд Арабиясынан Қазақстанға жеткізілді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2017 23:57 Zakon.kz
Құнды жәдігерлер жинақталған хард диск Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына табыс етілді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара жүзеге асырылып, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы құнды жәдігерлермен толықты, - деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталыққа «Эр-Рияд, Сауд Арабиясы Корольдігі, Орыс-араб зерттеулері және ақпарат қоры, Ислам істері министрінің кеңесшісі Доктор Мажид Бен Әбдел Әзиз Бен Насер Ат-Түрки арнайы бағдарлама бойынша жинақталған VI–VII ғасырлардан бастап бүгінгі XX ғ. дейін өмірден өткен ғалымдардың еңбектерінің қолжазба көшірмесі жинақталған хард дискті табыс етті.

Дискіде араб тілінің тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, оқу саласындағы грамматикасы, фиқһ, хадистер, Құран тәпсірлері және үлкен топтардың шежірелерін қамтитын 3 тілдегі (араб, көнемұсылман, парсы, ағылшын) 500000-нан астам қолжазбалар жинақталған. Осы аталған тақырып бойынша қазақ жерінен шыққан ғұламалардың да қолжазба еңбектері, айтар болсақ, әл-Фарабидің бірнеше еңбектері және Түркістаннан, Сығанақтан шыққан ғалымдардың да еңбектері бар. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауидің «Шежіренассабнама» еңбегі толығымен қамтылған. Бұл қолжазбалар тек араб тілінде емес парсы, шағатай, көнетүркі тілінде және төте жазумен жазылған.

Кездесу соңында «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директоры Асылхан Жұмабайұлы Садуов пен Ислам істері министрінің кеңесшісі доктор Мажид Бен Әбдел Әзиз Бен Насер Ат-Түрки Ынтымақтастық келісімшартқа қол қойды.

Фото: www.mks.gov.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: