Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

Zakon.kz Zakon.kz
Тек Батыс Қазақстан және Солтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, - деп хабарлайды Zakon.kz "Казгидрометке"сілтеме жасап.

Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Фото: wallpapers.ru
zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз