Жаңалықтар тізбегі
0

Миллион адам WhatsApp-тың жалған қосымшасын жүктеген

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2017 15:46 Zakon.kz
Алаяқтар Google Play қосымшалар дүкеніне WhatsApp Inc. компаниясының аты көрсетілген Update WhatsApp Messenger деген бағдарламаны енгізген.
Көпшілікке танымал WhatsApp мессенджерін миллионнан астам қолданушылар оның жалған нұсқасын жүктеген. Бұл бағдарламаны жаңалау функциясы қосылған кезде болған, деп жазады ҚазАқпарат Motherboard-қа сілтеме жасап.

Алаяқтар Google Play қосымшалар дүкеніне WhatsApp Inc. компаниясының аты көрсетілген Update WhatsApp Messenger деген бағдарламаны енгізген. Олар бұл әрекетке өздерінің жарнамасын қою үшін барған.

Қосымшаның жалған нұсқасын жасаушылар барлығы да дұрыс істелген, тек өнім иесінің атында көзге көрінбейтін ерекшелік болған. Яғни, компанияның атымен бірдей болып қалмас үшін ондағы сөздер арасындағы бос орынға әдеттегі пернеден өзгеше юникод символын жазған. Google роботы осыған алданып қалып, оны бұрыннан бар компанияның аты деп қабылдап, жалған қосымшаны бағдарламалар қоймасына тіркеп жіберген.

Пайдаланушылар тарапынан шағым түсе берген соң мессенджер Google Play-ден өшірілді. Айта кетейік, 3 қарашада WhatsApp қызметінде түрлі кедергілер болып, әлемнің түпкір-түпкіріндегі пайдаланушылардың барлығы қосымшаға кіре алмай немесе хабарлама жібере алмай шағымданған болатын. Бұл туралы хабарлаған болатынбыз.

Фото: inform.kz.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: