Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ермекбаев Мемлекет басшысына дін саласында атқарылған шаралар жөнінде мәлімет берді

Елбасы кездесу қорытындысында Ермекбаевқа бірқатар тапсырма берді.

Сурет : 6 Қараша 2017, 15:10
Қазақстан Президенті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевті қабылдады, - деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына азаматтық қоғамдағы қазіргі жағдай мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет ұсынылды.

Елбасы министрліктің жаһандық және өңірлік бүгінгі сын-қатерлер аясында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті.

– Министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан Президентіне діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер