Жамбыл облысындағы ауылға Назарбаевтың анасының есімі берілді

Zakon.kz Zakon.kz
Қордай ауданындағы «Қасық» ауылын Әлжан ана атауына өзгерту туралы ұсыныс айтылды.
Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 16-шы сессиясында «Қасық» ауылына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімін беру туралы мәселе көтерілді, - деп хабарлайды Taraztv.kz.

Сессия барысында Қордай ауданындағы «Қасық» ауылын Әлжан ана атауына өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Мұны депутаттар бір ауыздан қолдады. Себебі, Әлжан ана – Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Сондықтан, халық қалаулылары да бұл игі бастаманы барша аналарымызға деген құрметтің белгісі деп біледі.
«
Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Жамбыл облысында елге үлгілі аналар ғұмыр кешкен. Әйел адамдардың орны ерекше», — дейді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Масат Берік.

Депутат Мейрамбек Төлепберген де әріптесінің сөзін қоштады. Оның пікірінше, кез келген мемлекеттің ұлттық құндылықтары әйел баласын құрметтеуден басталады.

«Бұл кісінің атына берілген ауылдың көркемдік сипаты ерекше әдемі болу керек. Алтын құрсақты анаға деген құрметті біз қолдаймыз. Өте орынды», — деп атап өтті ол.

Фото: sputniknews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз