Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Солтүстік Қазақстан облысында әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген

Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада жатыр.

Сурет : 8 Қараша 2017, 09:22
Жасы 60-тан асқан әйелдің мұндай қадамға неліктен барғанын дөп басып ешкім айта алмай отыр. Белгілісі, ол аздап араққа құмар болған екен. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқиға Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылында болған. Орталық көшеде орналасқан мына үйде Олеся Грудинская анасымен, 9 жасар ұлымен және жаңа туған қызымен тұрған екен.

-Кеше кешкісін мына мұржадан отынның түтіні емес, екі апталық шақалақтың өртенген сүйегінің түтіні шықты деуге сену қиын. Қазір есікте құлып тұр, үйде ешкім жоқ. Тергеушілер отбасының барлық мүшелерін облыс орталығына алып кетіпті.

Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуімен ажырасқан Олеся Грудинская ұлын ертіп әке-шешесінің үйіне көшіп келген екен. Бұрын да аздап араққа құмар анасы – Любаға отағасы қайтыс болғалы қой дейтін жан болмапты. Бірақ ішкен күннің өзінде кемпір ешкімнің мазасын алмайды екен.

Игібай Тасмағамбетов, Дубровное ауылының тұрғыны:

-Жаман деп айтуға болмайды. Әсіресе, Николай айбат жігіт еді. Әжесі де айбат кісілер. Оңды кісілер. Жаман деп айтуға болмайды.

Олеся Грудинская 19 қазанда қыз босанған екен. Араға үш күн салып үйіне келгенімен, шақалақтың қызуы көтеріліп, олар қайтадан ауруханаға түскен. Әжесі немереме дәрі егетін болды деп уайымдаған да көрінеді. Алайда оқиға болған күні неге екені белгісіз, ол қызы мен үлкен немересін нанға жұмсап, өзі сұмдық қылмысқа барған.

Мария Морозова, Дубровное ауылының тұрғыны:

- Ол пештің үстіндегі плитаны алып тастап, жанып жатқан отқа сәбиді қойған. Баланы шешіндіріп тастапты. Олеся үйге келгенде, қызын таппай қалған. Пештен күйген еттің иісін сезгенде, ыстық плитаны қолымен алып тастап, шақалақты алып шыққан. Мен оның күйік шалған қолдарын көрдім.

Алпысты алқымдаған Любовь Русалиеваның мұндай әрекетке не итермелегенін қазір тергеушілер анықтап жатыр. Ауыл әкімінің айтуынша, отбасы ақшадан тарлық көрмеген, тұрмыстары түзу екен.

Галина Швецова, Дубровное ауылдық аймағының әкімі:

Бұл отбасы бізде тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұрған жоқ. Әжесі зейнетақы алатын. Аздап ішетіні болмаса, Любовь Русалиеваның ешкімге зияны жоқ еді. Көршілерімен тату болатын. Оқиағаның ақ-қарасын тергеушілер анықтар. Егер біздің тарапымыздан көмек керек болса, әрине, қол ұшын беруге дайынбыз.

Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада жатыр. Алдағы күндері жерленетін оған анасы әлі туу туралы куәлік те алып үлгермепті. Тек Валентина деп ат қойған.

Фото: informburo.kz


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер