Жаңалықтар тізбегі
0

Адамзат 2600 жылға қарай жойылады – Стивен Хокинг

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 16:47 Zakon.kz
Ғалымның айтуынша, уақыт өткен сайын Жер шарының халық саны өсіп, энергия тұтыну арта береді, осылайша планета отты шарға айналады.
Аты әлемге белгілі физик Стивен Хокинг 2600 жылға қарай адамзат жойылады деген болжам айтты. Бұл туралы New York Post басылымы жазады, - деп хабарлайды Baq.kz.

Ғалымның айтуына қарағанда, уақыт өткен сайын Жер шарының халық саны өсіп, энергия тұтыну арта береді, осылайша планета отты шарға айналады. Апаттан құтылудың жалғыз жолы бар, ол – тіршілікке қолайлы басқа ғаламшарға көшіп кету дейді ол. Хокинг бұл пікірді Пекинде өткен Tencent WE саммитіне видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінде айтты.

«Егер адамзат тағы да миллион жыл өмір сүргісі келсе, ол бұған дейін ешкім болмаған жерлерге барудан қорықпауы керек» деді ол.

Стивен Хокинг инвесторларды Күн жүйесіне ең жақын жұлдыз Альфа Центавраға баруды жоспарлайтын Breakthrough Starshot жобасын қолдауға шақырды. Ғалымның пікірінше, бұл жұлдызды айналып жүрген планеталардың бірі тіршілікке қолайлы болуы мүмкін.

Breakthrough Starshot жобасы жасайтын ұшу аппараты Альфа Центавраға жиырма жылда жетуі мүмкін дейді Хокинг.

Саммитке Эймс зерттеу орталығының бұрынғы басшысы, қазір Breakthrough Starshot жобасын басқаратын Пит Ворден де қатысты. Оның айтуынша, XXI ғасырдың екінші жартысында ғалымдар Альфа Центравраның тіршілікке қолайлы планетасының алғашқы фотографияларын алуы мүмкін.

Фото: baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: