Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстан бойынша қай қалада ет бағасы қымбат?

Сиыр еті бағасының өсуімен оны тұтыну да азайған.

Сурет : 8 Қараша 2017, 11:27
2017 жылы сиыр етінің бір келісі 1426,3 теңге болды, бір жылда 15,6 %-ға (192,7 теңге), бір айда 0,7 %-ға (9,4 теңге) өскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz. сілтеме жасап.

Сиыр еті бағасының жыл сайынғы өсімі өткен жылдың қазан айының соңына қарай 6,3%-ға (73,4 теңге), бір келі үшін 1233,7 теңгеге дейін өсті.

Еліміздің қалаларындағы ең арзан сиыр еті Таразда екен, бір келі ет - 1297 теңге. Бір айда 1,8 %-ға (23 теңге), жылына 6,7 %-ға (81 теңгеге) өскен. Екінші орында Петропавл қаласы, онда бір келі ет үшін 1303 теңге төлейсіз. Бір айда баға 4,3 %-ға (54 теңгеге), жылына 12,9 %-ға (149 теңгеге) өскен. Үшінші орында Талдықорған. Онда сиыр етінің бір келісі 1317 теңге тұрады. Бір айда сиыр етінің бағасы өзгермеген, жылына 9,5 %-ға (114 теңгеге) өскен. Ең қымбат ет Астанада, бір келі ет - 1661 теңге тұрады. Атырауда 1530 теңге, Алматыда 1525 теңге тұрады.

Сиыр еті бағасының өсуімен оны тұтыну да азайған - 2017 жылдың екінші тоқсанында сиыр етінің орташа жан басына шаққандағы тұтыну мөлшері қалалық жерлерде 6,4 кг және ауылда 4,8 кг, бұл өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 4,3%-ға және 2,2%-ға аз.

Фото: etdna-cdn.com

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер