Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әкімдер енді полиция департаментінің басшысын өздері тағайындауы мүмкін

Заң жобасы аясында екі кодекс пен бес заңға өзгерістер енгізілмек.

Сурет : 8 Қараша 2017, 12:38
ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа қабылдады, - деп хабарлайды Zakon.kz.

“Заң жобасы ішкі істер органдарының жүйесін жетілдіруге және құқық бұзушылықтар профилактикасы мен тұрмыстық және рецидивтік қылмысқа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етумен байланысты шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған”, — деп атап өтті заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, жаңадан құрылған бөліністі полиция департаменттері деп қайта атай отырып, ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметін біріктіру көзделген.

“Ішкі істер министрлігіне бағыныстылықта полиция департаменттерін ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінде сақтау қарастырылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың әкімдеріне құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлері қатарынан ішкі істер департаменттерінің ұсынымы бойынша полиция департаменттері басшыларын тағайындау құқығын беру көзделген”, — деп толықтырды депутат.

Бұдан бөлек, әкімдерге полиция департаменттерінің алдында бүгінгі күні жергілікті полиция қызметінің құзыретіне жататын міндеттерді қою құқығын беру жолымен полиция жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр. Заң жобасы аясында екі кодекс пен бес заңға өзгерістер енгізілмек.

Фото: yk-news.kz.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер