Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде қазақстандық автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 22:07 Zakon.kz
Өскемен-Новосібір бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар автобусы Toyota жеңіл көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан төрт адам қаза тапты. Өскемен қаласынан шыққан жолаушылар автобусы көпірдің жақтауында ілініп қалған, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 8 қараша күні Қазақстаннан шыққан рейстік автобус пен 2 автокөліктің соқтығысуынан болған.

Өскемен-Новосібір бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар автобусы Toyota жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол апаты Топчихин ауданында болған. Toyota автокөлігі қарама-қарсы бетке шығып кетіп, жақтауды бұзып, автобусқа соғылған. Содан кейін автобусқа тағы бір машина келіп соғылған. Апат салдарынан Өскеменнен келе жатқан автобус көпірдің жақтауына ілініп қалған. Екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен жолаушылары оқиға орнында қаза тапқан.

«Автобустағы жолаушылар аман. Олар басқа автобусқа отырғызылды. Жақын арада Новосібір қаласында болады», - деді Өскемен автовокзалының операторы.

Қазір апат жағдайын Алтай өлкесі бойынша ІІМ анықтап жатыр. Новосібір автовокзалы сайтының мәліметінше, Новосібір-Өскемен бағыты бойынша сағат 18:30-де жүретін рейс кейінге шегерілген.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир түбінде пойыз бен автобус соқтығысып, 16 адам қаза тапқан болатын. Автобус Қазақстаннан барған.


Фото: baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: