Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да ер адам көлігінен шыға алмай көлге батып кетті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2017 18:28 Zakon.kz
Судағы ер адамның денесін жергілікті тұрғындар тауып алыпты.
Семей қаласынан 150 шақырым жерде, Қайнар ауылының маңында оқыс оқиға орын алды. 1959 жылы туған ер адам Атом көлінің жанында тұрып, көлігімен сырғып кетіп, судан шыға алмай, батып кетті, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Судағы ер адамның денесін жергілікті тұрғындар тауып алыпты. Болған оқиғаны полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлеріне Құтқарушы топ көмекке келді. Олар су астынан мәйітті алып шыққан. Осындай оқиға наурыз айында Өскеменде де орын алған екен. Үлбі көпірі тұсына тоқтаған жүргізуші көлігімен суға түсіп кеткен. Ол көлігінен шығып үлгергендіктен, аман қалған. Сондықтан да құтқарушылар көліктерді су жағасына қойған кезде қол тежегішті басып, дөңгелекке тірек қойып қоюды ескертіп жатыр.

ТЖ басқармасынан мәлімдегендей, көлік суға батқан жағдайда салқын қандылық таныту керек. Суға батып бара жатқан кезде есік ашылмайды. Сондықтан да, көлік түгелдей суға толуын күтуге тура келеді. Ол кезде ішкі-сыртқы қысым реттеліп, сыртқа шығуға мүмкіндік туады.

Фото: altaynews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: