ОҚО-да кәмелетке толмаған 900-ден астам қыз құрсақ көтерген

Zakon.kz Zakon.kz
Осы проблемаға алаңдаған дәрігерлер студент қыздарға ерте жүктіліктің зияндылығын түсіндіруде.
Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер кәмелетке толмағандар арасында жүктіліктің артып отырғанына алаңдаулы. Осыған орай дабыл қаққан мамандар оқу орындарын аралап, қыздарға кеңестерін беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдегі Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының сөзінше, соңғы үш айда кәмелет жасына толмаған 917 қыз жүкті болып қалған. Оның үстіне, тұрмысқа шықпай жатып құрсақ көтергендердің 45 пайызының бала тууға денаулығы жарамсыз екен - қыздардың физиологиялық әлсіздігі анықталған.

Осы проблемаға алаңдаған дәрігерлер студент қыздарға ерте жүктіліктің зияндылығын түсіндіруде. Мәселен, алғашқы жүктілікте жасанды түсік жасатудың 95 пайызы бедеулікке алып келуі мүмкін.

Оның үстіне, қоғамда сәбиді далаға тастау, түсік жасату сияқты келеңсіз оқиғалар көбейіп кеткен.

Гинекологтар қазір оқу орындарын аралап, осы сынды ақпараттармен бөлісуде. Орталық мамандары ерте жүктіліктің зардаптарына қатысты ақпараттық кеңестерін мектептер мен колледждерде жалғастырмақ.

Фото: hochu.ua
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз