Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Дәрігерлер көпірден құлаған қыздың жағдайы туралы айтты

Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Сурет : 10 Қараша 2017, 17:35
Көпірден құлаған бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қоңырау түскі сағат 13:00 шамасында Алтын Орда базары маңынан түскен. Оқиға орнына 8/90 қарқынды терапия бригадасы жетті. Жапа шеккен бойжеткен қалалық №7 ауруханаға жеткізілді.

«Ауруханада реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург мамандар пациентті тексерді. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Қазіргі таңда барлық диагностикалық шаралар жасалып жатыр. Пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылды», - деді баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бүгін бойжеткен Алтын Ордадағы жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кеткен болатын. Іле-шала жерде жатқан қызды көлік қағып кеткендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Фото: www.dalanews.kz


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер