Жаңалықтар тізбегі
0

Димаштың Қытайдағы концертіне билеттер 84 мың теңгеге дейін сатылуда

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2017 23:47 Zakon.kz
Димаш Құдайберген алдағы күндері Қытайдың бірқатар қаласында ән кешін өткізеді.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы гастрольдік сапарын бастайды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайлық Weibo әлеуметтік желісіндегі ақпараттарға сенсек, Димаш Құдайберген алдағы күндері Қытайдың бірқатар қаласында ән кешін өткізеді. Әнші алғашқы концертін 16 желтоқсан күні «Singer - 2017» байқауы өткен Хунань провинциясының Чанша қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Ал екінші концерті 2018 жылғы 6 қаңтар күні Фуцзян провинциясының бас қаласы Фучжоуда өтпек.

Айта кетейік, отандасымыздың талантына тәнті қытайлық жанкүйерлер концерт билеттерін қазірдің өзінде интернет арқылы сатып алып жатыр. Билеттердің бағасы 14 мың теңгеден (280 юань) басталып, 84 мың теңгеге (1680 юань) дейін жетеді.

Еске сала кетейік, Димаш ағымдағы жылдың басында Hunan TV «Singer - 2017» ән байқауына қатысып, екінші орын иеленген болатын. Сондай-ақ бәсекедегі отандасымыздың ерекше таланты қытайлық және басқа да елдердің әнсүйер қауымын өзіне қаратты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2017 23:47

Фото: www.inform.kz


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: