Иран-Ирак шекарасында күшті зілзала болып, жүзден аса адам қаза тапты

Zakon.kz Zakon.kz
Қаза болған адамдардың саны әлі де өсуі мүмкін.
Иранның батысында болған 7,3 магнитудалы жер сілкінісінен 61 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды, Иракта 4 адам қаза тапқан. Қаза болған адамдардың саны әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап.

Жер сілкінісі адамдар арасында үрей тудырып, көптеген адам үйлерін тастап, қашып шыққан. Бағдаттағы мешіттер дұғаларды дауыс зорайтқыш арқылы оқыған.

Көптеген адам шекарадан 15 шақырым жерде орналасқан Сарпол-э Захаб қаласында зардап шекті деді Иранның құтқару қызметінің басшысы Пир-Хоссейн Куливанд.

Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының басшысы Мортези Салим Иран мемлекеттік телеарнасы IRINN-ге берген мәліметінде сегіз ауылдың қирағанын айтқан.

«Кей ауылдарда электр энергиясы өшті, телекоммуникация жүйесі істен шықты», - деді ол.

Пир-Хоссейн Куливандтың айтуынша, құтқарушылардың жұмысына көшкін кедергі келтіріп жатыр.

Табиғат апатының зардабын әсіресе Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары тартқан. Жер сілкінісінің эпицентрі 33,9 км тереңдікте болған, оны Түркія, Израиль, Кувейтте сезінген.

Фото: baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз