Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей Қазақстанға «Байқоңырдың» бір бөлігін қайтарды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2017 18:43 Zakon.kz
Жалға алынған Ақай және Төретам кенттерінің маңындағы 11,6 мың га жер Қазақстанға қайтарылды.
Қазақстаннан жалға алған "Байқоңыр" ғарыш айлағының бір бөлігі Қызылорда облысына қайтарылды, - деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Челябинскіде өткен Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының ХIV форумында «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясының ғарыш қызметі жөніндегі Бас директордың Бірінші орынбасары Александр Иванов пен ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру Келісіміне өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Құжатқа сәйкес Ақай және Төретім кенттерінің маңындағы 11,6 мың гектар ресей тарапынан жалға алудан шығарылды және ол жерде әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін Қызылорда облысына берілді.

Сондай-ақ, РФ Денсаулық сақтау миинстрі Вероника Скворцова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы ««Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресесй Федерациясы жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының және Төретам, Ақай ауылдарының тұрғындарына, медициналық қызмет көрсету» Келісіміне өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Хаттамада «Байқоңыр» кешенінде, Ақай және Төретам кенттерінде тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру көзделеді.

Қол қойылған құжаттар «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы бұрыннан бар екі жақты нормативтік-құқықтық базаны толықтырады әрі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын дамытуда маңызды элемент болып табылады.

Фото: kompastour.kz.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: