52 жастағы қаңғыбас Кембридж университетіне оқуға түсті

Zakon.kz Zakon.kz
Джефф Эдвардс Кембридж көшесінде газет сатып жүрген.
Үйсіз-күйсіз жүрген 52 жастағы Джефф Эдвардс Кембридж университетіне оқуға түсті, - деп жазады Stan.kz.

Джефф Эдвардс Кембридж көшесінде газет сатып жүріп ересектерге арналған Хьюз Холл колледжіне оқуға түсті. Ол енді ағылшын тілін үйренеді.

Джефф Эдвардс Кембриджге ауылшаруашылық жұмыстарын істеу үшін Ливерпульден келген. Алайда қысқартуға ұшыраған.

«Мен көп уақыт бойы үйсіз-күйсіз жүрдім. Кейіннен Кембридж көшесінде Big Issue газетін сатып жүрдім. Бұл жұмыс менің өзіме деген сенімімді қайта қалыпна келтірді. Өмірімді өзгерткім келді. Сондықтан білім алғаным дұрыс деп шештім. Сөйтіп ашық есік болатын күні Кембридж университетінің аймақтың колледжіне бардым», – дейді ол.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/1510566704_0000.jpg

Джефф ақырында тегін курсқа түкен. Эдвардстің айтуынша, ол бала күнінен Уиндем мен Керуактың кітаптарын оқып өскен.

«Бәрі мені жақсы қабылдады. Жасыма байланысты аздап ұялатынмын. Бірақ оқу мені жасартып бара жатқандай. Маған жастармен әңгімелескен ұнайды», – дейді ол.

«Кембридж университетіне оқуға түсу – менің арманым еді. Бірнәрсені зерттегенді жақсы көрем. Бірақ менің отбасымда ешкім ЖОО-да оқыған емес. Кембридж университеті – бұл өмірге үлкен қадам жасау. Мен осыған қол жеткізгеніме сене алар емеспін», – дейді Джефф.

Фото: stan.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз