Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр

Олар сол жерде бес тәуліктен бері түнеп жатыр екен.

Сурет : 14 Қараша 2017, 16:39
8 қараша күні Ресейдің Новосибирск қаласына жол тартқан үш қазақстандық жүргізуші жол көлік апатына түскен болатын. Бүгінде үш отандасымыз күздің суығында автобуста түнеуге мәжбүр болып отыр. Бұл туралы YK-news.kz басылымы жазды, - деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған оқыс оқиға туралы айтып, алғаш дабыл қаққан Барнауыл қаласының тұрғындары болды.

“Біз өтіп бара жатып ауыр жол көлік апатына түскен автобусты көріп қалдық. Бастапқыда ішінде ешкім жоқ сияқты көрінді. Артынша автобуста адамдар барын байқадық. Олар сол жерде бес тәуліктен бері түнеп жатыр екен. Бұл үш ер адам – жүргізушілер. Өздерінің Өскемен қаласының тумалары екенін айтты”, – дейді Алтай аймағының тұрғыны Анна.

Бойжеткеннің айтуынша, ер адамдардың тамағы мен ішетін сулары таусылған.

“Бүгін таңертең азық-түлік пен гигиеналық заттар табыстадық. Жүргізушілердің бірі жол көлік оқиғасы кезінде аяғын зақымдап алған екен. Қысқасы ешкімге медициналық көмек қажет емес. Бірақ, психологиялық тұрғыдан қатты қиналғандары байқалады”, – дейді Анна.

Ресейдегі Алтай аймағы ІІД-ның хабарлауынша, 8 қараша күні болған жол көлік оқиғасына қатысты іс әлі прокуратурада қаралып жатыр.

“Автобустың жол жиегінде тұрғаны рас. Оған жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған іске қатысты сот өкімі шыққанға дейін жүргізуші мен екі жолаушы аталған автобус ішінде тұрып жатыр. Жүргізушілер бір нәтижеге жетпейінше автбустан шығудан бас тартып отыр”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Фото: stan.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер