Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік Кореяда қыз зорлаған шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 23:48 Zakon.kz
23 жастағы Шымкент тұрғыны Оңтүстік Кореяда 30 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған отандасымыздың ісіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстағанын растаймыз. Корейлік тарап тергеуге байланысты бұл істің мән-жайын ашпай отыр", — деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, бұл істі Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі ерекше бақылауға алды.

"Оңтүстік Кореядағы Қазақстан консулы ұсталған жігіттің туған-туыстарымен, осы істі жүргізіп жатқан прокурор және адвокатпен тұрақты түрде байланысып отыр", — деді ол.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 23 жастағы Шымкент тұрғынының Оңтүстік Кореяда 30 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға биыл ақпан айында кеткен.

Фото: sputniknews.kz


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: