Жаңалықтар тізбегі
0

Риелтор қазақстандық олигарх Парижден сатып алған 65 млн еуроның үйін көрсетті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2017 16:49 Zakon.kz
Еуропаға көшетіндер саны жыл санап артып келеді.
Қазақстан Үкіметінің өкілі 65 миллион еуроға үй сатып алған кезде Mercedes G және Maybach көліктерін күзетшілері мен өзі пайдалануға қоса алған, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үйді сатып алуда көмек қолын созған риелтор құны 65 миллион еуро тұратын үйді көрсетті. Брокер Игнас Мювиссен Sputnik Қазақстан басылымына берген сұхбатында бұған дейін де Қазақстандық байлармен көптеп жұмыс істегенін айтқан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2017 16:49

«Мен жылжымайтын мүлік саласында 20 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Байлармен жақсы қарым-қатынастамын. Жақсы әрі сенімді қызметімнің арқасында әлемдік дәрежедегі байлардың сенімін ақтап жүрген жанмын. Қазақстаннан бірнеше клиентім болды. Негізінен Кеңес үкіметі құрамында болған елдердің адамдарымен жұмыс істеймін. Тәжірибеме сүйене отырып айтар болсам, сол елдерден Еуропаға көшетіндер саны жыл санап артып келеді»,-дейді Игнас Мювиссен.

Оның сөзінше клиенттерінің көбі өздерінің кім екенін жасырын қалдыруды сұрамайды да екен. Бірақ Қазақстан Үкіметі өкілімен тура қазір риелтор арқылы байланысу мүмкін емес болып шықты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2017 16:49

«Шынымен іздеп кіріссеңіздер менің кіммен жұмыс істегенімді ғаламтордан таба аласыздар. Бірақ мен өзіме тапсырыс берушінің отбасы мен өзіне қауіп төнбес үшін өзін «жасыру» ұсынысын құрметтеймін. Ол кісіні үй сатушымен жеке кездестірдім. Олар екі сағатқа жуық сөйлесті. Нәтижесінде сатушы мен сатып алушы ортақ келісімге келді.»,-дейді Игнас Мювиссен.

Оның сөзінше 65 миллион еуроға үй алған қазақстандық олигарх жеке күзеті үшін екі Mercedes G көлігі мен өзі жүргізу үшін екі Maybach сатып алған.

Риелтордың сөзінше жылжымайтын мүлікте ақшасын сақтағысы келетіндер Парижден жиі үй алады екен.

Құны 65 миллион еуро тұратын үйдің бұрынғы иесі бірнеше пәтерді біріктіріп, хан сарайындай жайлы әрі ерекше дизайндағы баспананы өзі арнайы жасатқан. Әрі ол үйдің интерьерін өзгеше етудің өзіне 100 мың еуро жұмсаған екен.

Фото: stan.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: