Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атырауда орамалын шешуден бас тартқан 40-қа жуық қыз мектепке бармай жүр

Оқушылар мектеп жарғысын орындамайтын болса, ата-анасына заң бойынша 10 АЕК айыппұл салынады.

Сурет : 15 Қараша 2017, 12:22
Ата-анасы хиджаб шешуіне қарсы болған отыз тоғыз қыз мектепке бармай жүр, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Атырауда ата-анасы әртүрлі діни ағымды ұстанатын 307 оқушы тұрады. Олардың арасында 156 қыз хиджаб киеді екен.
Атырау қаласының білім беру бөлімі басшысы Светлана Аманшиева хабарлағандай, білім беру саласындағы бақылау департаментіне арыз жазылғаннан бері, бес оқушы қыздың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, қабылданған шаралардан кейін қыздар мектепке орамалсыз барып жүр.

Тағы 39 қыздың ата-анасы балаларының орамал тақпауына қарсы шығып, сабаққа жібермей отыр.

Айта кетелік, оқушылар мектеп жарғысын орындамайтын болса, ата-анасына заң бойынша 10 АЕК айыппұл салынады.

Фото: sputniknews.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер