Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астана қаласының Қуыршақтар театры Малайзиядан үш бірдей сыйлықты олжалады

Елордалық әртістер карнавалға «Менің салған суретім» атты қойылымды ұсынды.

Сурет : 16 Қараша 2017, 10:36
Малайзияның Борнео аралында өткен «Тропикалық орман-2017» дүниежүзілік қуыршақтар карнавалынан олжалы оралды. Астаналық театрдың қоржынына «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік көркем декорация» және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» аталатын үш бірдей сыйлық түсті, - деп хабарлайды Елорда инфо.

Елордалық әртістер карнавалға «Менің салған суретім» атты қойылымды ұсынды. Қойылым авторы – Қуыршақтар театрының қоюшы-режиссері Айжан Салаева.

Биылғы 1-8 қыркүйек аралығында Астанада 47 мемлекеттің театрларының қатысуымен қуыршақтардың дүниежүзілік карнавалы өткен еді. Астаналық театр тура сол шара уақытысында Борнеодағы карнавалға шақырту алды.

Малайзияда өткен фестивальге елордалық Қуыршақ театрынан басқа, Италия, Испания, Чехия, Бельгия, Польша, Финляндия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Тунис, Жапония, Қытай, Үндістан және Ресей мемлекеттерінің шығармашылық ұжымдары қатысты.

Фото: elorda.info

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер