Жаңалықтар тізбегі
0

Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны тағы рекорд орнатты

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2017 22:09 Zakon.kz
Баян Мақсатқызынан кеткелі бері әншінің жұлдызы жарқырай түсті.
Әдетте продюсерден еншісін алып шыққан әншілер бірден табысқа жете қоймайды. Өздігінен аяққа тұру үшін біраз еңбектенеді, сүрінеді, қайта көтеріледі. Ақырындап халықтың жүрегіне жол табады. Ал Ерке Есмаханда олай болған жоқ. Баян Мақсатқызынан кеткелі бері әншінің жұлдызы керісінше жарқырай түскендей, - деп жазады Stan.kz.

Маңдайының бағы болар, Еркенің өздігінен жасаған алғашқы жұмысы бірден хитке айналды. “Қайда?” бейнебаяны қайта-қайта рекорд орнатып, елді біраз шулатты. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін “хит” әнді жатқа айтты. Аталған клипті 5 айдың ішінде 40 миллионға жуық адам тамашалады. 18 миллион халқы бар Қазақстан эстрадасы үшін бұл үлкен көрсеткіш.

Бірақ Ерке мұнымен тоқтап қалмақ емес. Халықтың оңды бағасынан үлесті болған ол әрі қарай да тыңдармандарын қуанта бермек.

Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын “Қайда?” бейнебаянының жалғасы ретінде Ерке “КЗ жігіт” атты туындысын ұсынған болатын. Аталмыш әнбаян небәрі 2 тәулікте бір миллион қаралым жинап, Ернар Айдардың (“Күнім, сен сөнбеші” 3 тәулікте миллион рет қаралған болатын) рекордын бұзған еді. Бүгін бұл көрсеткіш жаңарды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2017 22:09

Нақтырақ айтатын болсақ, Еркенің жаңа клипі жеті күнде 2 миллион қаралым жинап, тағы да рекорд орнатты.

Фото: stan.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: