ШҚО-да төрт ауыл заңды түрде жойылады

Zakon.kz Zakon.kz
Бұл ауылдың тұрғындары ешқайда да көшірілмейді.
Көкпекті ауданында төрт ауыл заңды түрде жойылады. Атап айтқанда- Өрнек, Каменка, Қызыл жұлдыз және Қарғалы ауылдары. Себебі аталған ауылдардағы тұрғындар саны 50-ден аз, деп жазады altaynews.kz.

– Бұл ауылдың тұрғындары ешқайда да көшірілмейді. Қыста ол жақтарға жол ашу жұмыстары жүргізіледі. Иеліктегі жерлер өз қожайындарында қалады. Төрт ауыл заңды түрде жабылғанмен, аудандағы негізгі елді мекендер құрамына енетін болады,-деді аудан әкімі Рамиль Сағандықов.

Айта кету керек, қар қалың түсетін Көкпекті ауданында осы қыста қардан аршу жұмыстарымен «ДСУ-14» және «Көпекті жолдары» атты екі компания айналысатын болады.

Бұл тұрғыда осы жылдың соңына дейін жергілікті бюджетте 20 миллион теңге қаражат қарастырылған. Келесі жылы бұл мақсатқа 90 млн теңге жоспарланып отыр.

Фото: altaynews.kz
zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз