Көшеден есірткі қорабын тауып алған жігіт 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Zakon.kz Zakon.kz
Ресей азаматы Павлодар қаласында көшеде кетіп бара жатып кептірілген есірткінің қағаз қорабын тауып алған.
Павлодарда көше бойынан кептірілген есірткінің қағаз орамасын тауып алған азамат жазаға тартылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

- Ресей Федерациясының азаматы Павлодар қаласында Кривенко көшесінде кетіп бара жатып кептірілген есірткінің қағаз қорабын тауып алған. Кейін оны өз қалтасына салған. Сол күні кешке ер адамды полиция қызметкерлері ұстады. Сот шешімі бойынша ресейлік азамат есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабы, екінші бөлігімен айыпты деп танылып, 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, - дейді баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pavlodarnews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз