Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада АИТВ-ны жаңадан 193 адам жұқтырған

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2017 21:15 Zakon.kz
Орталықтың мәліметіне сәйкес, соңғы жылдары АИТВ жұқпасы бар анадан дені сау нәрестелер дүниеге келіп жатыр.
Елордада жыл басынан бері АИТВ (ВИЧ) індетін жұқтырудың 193 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бүгін Астанада 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес күніне орай баспасөз мәслихаты өтті. Астана қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымовтың келтірген дерегіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 2 миллионға жуық адам АИТВ жұқпасын жұқтырады.

Алғаш анықталған күннен бүгінге дейін дүниежүзінде 76 миллион адам АИТВ-ға шалдығып, 35 миллион адам осы аурудан көз жұмды. Ал Астана қаласында АИТВ-ны жұқтырған алғашқы адам 1997 жылы тіркелген.

Содан бері 20 жыл ішінде 1418 адам инфекцияланған.

«Инфекцияны жұқтырушылардың дені 15-49 жас аралығындағы адамдар. Өкінішке қарай, соңғы жылдары жыныстық жолмен жұқтыру саны артып келеді. Біз бұған дейін індетті жұқтырғандар әлеуметтік жағдайы төмен ортадан екенін айтып келсек, қазір жұмысы бар, жағдайы жақсы адамдар да тіркеуде тұр. Орталығымызда тіркелген науқастардың барлығы мамандардың жіті бақылауында, уақтылы дәрі-дәрмектерін қабылдап, арнайы мамандар олармен жеке жұмыс жүргізеді», - деп атап өтті Сәбит Әбдірайымов.

БҰҰ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай кампания ұйымдастыруда. Астана қаласының денсаулық сақтау саласы аталмыш акцияға қосыла отырып, 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша айлық жариялады.

«Айлық шеңберінде қала тұрғындарын, әсіресе жастарды АИТВ туралы көбірек білуге, алдын алу шараларын сақтауға, тестілеуден өтуге шақырамыз», - дейді орталықтың бас дәрігері.

Орталықтың мәліметіне сәйкес, соңғы жылдары АИТВ жұқпасы бар анадан дені сау нәрестелер дүниеге келіп жатыр.

Індетті емдеудегі соңғы жаңалықтардың бірі - науқас АРВ-терапияны тұрақты қабылдап, ағзадағы вирустың мөлшерін анықталмайтын деңгейге дейін төмендетсе, оның жыныстық серігіне індет жұқпайды.

Фото: inform.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: