Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да кәсіпорындар 3500 жұмысшының еңбекақысын бермей келген

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2017 16:19 Zakon.kz
2017 жылдың 10 айындағы жалпы қарыз сомасы — 538 миллион теңгені көрсетті.
Биыл 270 кәсіпорын өз жұмысшыларына еңбекақы бойынша берешек болып қалған. Осылайша облыста 3500 жұмысшы жалақыларын уақтылы ала алмай келген, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

2017 жылдың 10 айындағы жалпы қарыз сомасы — 538 миллион теңгені көрсетті. Осыған орай 400-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Жұмысшылар алдындағы қарыз әсіресе тау-кен, өңдеужәне құрылыс компанияларында белең алған. Көбінесе еңбекақы кәсіпорындардың ауыр қаржылық жағдайына орай кешіктіріліп отырған, — деді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Қайрат Абылқайыров өз сөзінде.

Инспекцияның прокуратура және облыстық әкімдікпен бірлесе атқарған кешенді шараларының арқасында 267 мекемеде жалпы сомасы 450 миллон теңгенің қарызы қайтарылды. 3100 жұмысшы өздері көптен күткен еңбекақыларына қол жеткізіп,құқықтары қорғалды. Бүгінгі күні қалған кәсіпорындардың берешек сомасы жалпы 84 миллион теңгені құрап тұр.

— 2016-шы жылдың қараша айынан бастап еңбекақыны төлемеуге байланысты мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымы сотта қаралмайтын болған. Өйткені инспектор еңбекақы берешегі бойынша берілген арызда арызда үшінші тұлға болып тұр,-деді Қайрат Әбілқайыров. — Оның үстіне «Прокуратура бойынша жаңа заңда» осы жылдың маусымынан бастап прокуратура жұмыс ұсынушыға, еңбекақыны уақтылы төлеуді міндеттейтін ұйғарым жібере алмайды. Мінеки, осы себепті біз мемлекеттік инспекторлар ұйғарымын орындау құжаттарының тізіміне қосуды сұрап, прокуратурамен бірлесе отырып Министрлікке хат жолдадық.

Фото: altaynews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: