Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарда оқушылар мен студенттердің жолақысы тегін болады

Бірінші рет бұл мәселе шілде айында көтерілген.

Сурет : 20 Қараша 2017, 14:24
Павлодар оқушылар мен студенттерге қоғамдық көліктерде тегін тасымалдайтын жеңілдік жасаған еліміздегі алғашқы қала атануы мүмкін, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық мәслихат комиссиясы мүшелерінің отырысында ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Асылбеков айтты.

- Мұндай жеңілдікке төменгі сынып оқушыларынан бастап жоғарғы оқу орындарының студент жастары ие бола алады. Ол үшін жылына 998 миллион теңге керек. Бұл ақшаны біз еш жерден сұрамаймыз. Барлық шығынды тасымалдаушылар өз мойындарына алады. Олармен ортақ меморандум жасалған, қазір осы жағдайды қарастыратын боламыз, - деді Марат Асылбеков.

Еске салайық, Павлодарда комиссия отырысында жергілікті тасымалдаушылар жол ақысын 90 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс білдірген болатын.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде хабарлағандай, бүгінгі таңда АИ-92 жанармайының бір литрі -161,5 теңге, ал, дизель отыны - 174,5 теңге.

Осыған байланысты ТҮКШ бөлімі 1-желтоқсаннан бастап Павлодарда жолақысын 70-тен 80 теңгеге көтеру туралы ұсынысын білдірді.

Бұл - тасымалдаушылардың қалалық депутаттарға жолдаған екінші өтініші. Бірінші рет бұл мәселе шілде айында көтерілген.

Фото: pavlodarnews.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер