Алматының ірі сауда кешенінде «өрт» ауыздықталды

Zakon.kz Zakon.kz
Шартты өрт жарты сағат ішінде толығымен сөндірілді.
Ірі сауда-ойын-сауық кешендерінің бірі «Гранд Парк» СОК-де қалалық тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері жұмылдырылып өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Бұл туралы zakon.kz Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-жаттығулардың жоспары бойынша адамдардың жаппай шоғырланатын объектісінде, 60 мың шаршы метр көлемде сауда залының батыс жағындағы сауда бутиктері мен тауарлы-материалдық құндылықтар өртенді. Нәтижесінде, адамдардың өміріне қауіп төнді, жалғамалы сауда нүктелері мен ғимараттың шатырына өрттің таралу қаупі туды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/thumbs/1511242147_img-20171117-wa0100.jpg

Сауда кешені күзет қызметінің өрт туралы хабарламасы Алматы қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің «101» өрт байланыс Орталық пунктіне келіп түсті.

Күш пен құралдар жоғарғы шақыру нөмірі бойынша артып отырды. Келіп жеткен өрт есебі үй-жайдың ішіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен енді. Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің, ҚР ІІМ ТЖК Апат медицинасы орталығының, қалалық электр желісі және «Су желісі» су каналы қызметтерінің өкілдерінен тұратын жедел өрт сөндіру штабы құрылды.

Шартты өртті сөндіру үшін «СРП-50» 8 су оғы мен 2 лафетті оқ шатырды қорғауға берілді. Сол уақытта сауда кешенінің әкімшілігі келушілер мен сауда нүктелерінің қожайындарын эвакуациялауды ұйымдастырды, ал ҚР ІІМ ТЖК Апат медицинасы орталығы алматы филиалының жедел медициналық көмек бригадасы «зардап шеккендерді» емдеу мекемелеріне тасымалдап алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/thumbs/1511242174_img-20171117-wa0102.jpg

Шартты өрт жарты сағат ішінде толығымен оқшауланды.

16 өрт есебі жұмылдырылды: негізгі өрт техникасының 12 бірлігі, 4-арнайы, жеке құрамнан 130 адам.

Шартты өрт жойылғаннан кейін өртке қарсы объекті құрылымы мен қызметтің жеке құрамы жауынгерлік іс-қимылға талдау жүргізді. Құтқарушылар өрт сөндіру, түтінді шығару, сыртқы сумен қамтамасыз ету сплинкерлік жүйесі қондырғысымен және объектінің эвакуациялық шығу жолдарымен танысты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/thumbs/1511242164_img-20171117-wa0101.jpg

Оқу-жаттығудың мақсаты – объекті қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің жұмысты ұйымдастыру, өрт сөндіру және оның салдарын жою іс-қимылын орындауына қол жеткізілді.

Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз