Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО әкiмi Азия ойындарының жеңiмпазы Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2017 22:37 Zakon.kz
Елбасының тапсырмасына сай, бүгiнгi таңда облыста салауатты өмiр салтын ұстанатын тұрғындардың саны 30 пайызға жеттi.
Петропавлдағы спорт сарайында Ашхабадта өткен V Азия ойындарының жүлдегерлерiн марапаттау рәсiмi өттi. Бұл спорт додасында Қазақстанның атынан спорттың 17 түрi бойынша 113 спортшы сынға түстi. Солтүстiкқазақстандық спортшылар да ерледi. Үш бiрдей жерлесiмiз жеңiс тұғырына көтерiлдi. Греко-рим күресiнiң шеберi Данияр Каленов алтыннан алқа тағынды. Велотрекшi Артем Захаров та жеңiмпаз атанып, омниумда күмiс жүлденi еншiледi. 400 метрге жүгiрген жеңiл атлетшi Михаил Литвин қоржынына қола жүлденi байлады. Жеңiмпаздарды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Өңiр басшысы облыста спорт саласына көрсетiлген қолдау, құйылған қаржының арқасында спортшыларымыз әлемдiк деңгейде сәттi өнер көрсетiп жүргенiн атап өттi.

«Бүгiнгi таңда спорт пен салауатты өмiр салты ел өмiрiнде үлкен маңызға ие. Спорт бүкiл ұлтты бiрiктiретiн, елге деген сүйiспеншiлiктi қалыптастыратын күш болып табылады. Облысымызда спорт саласына үлкен көңiл бөлiнедi. Бюджеттен қомақты қаржы бөлiнiп, спорт нысандарды салынуда. Бiздiң спортшылар әлемдiк деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткiзiп жүр», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Елбасының тапсырмасына сай, бүгiнгi таңда облыста салауатты өмiр салтын ұстанатын тұрғындардың саны 30 пайызға жеттi. Өңiрде 170 832 адам спортпен шұғылданады. Спортпен айналысу үшiн 2 854 спорт нысаны жұмыс iстейдi.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов марапаттау рәсiмiн өткiздi. Жоғары спорттық нәтиже көрсеткенi үшiн облыс әкiмiнiң құрмет грамотасымен Данияр Каленов, Артем Захаров және Михаил Литвин марапатталды. Құмар Ақсақалов Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi. Артем Захаров 1 миллион теңге, ал Михаил Литвин 500 мың теңге көлемiнде ақшалай сыйлыққа ие болды. Спортшылардың бапкерлерi де қошаметке бөлендi. Конысбек Түкенов, Владимир Волошин және Александр Окованцев облыс әкiмiнiң алғыс хатымен марапатталды. Өңiр басшысы Конысбек Түкенов пен Владимир Волошинге 500 мың теңге көлемiнде ақшалай сыйлық табыстаса, Александр Окованцев 250 мың теңгеге ие болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2017 22:37 , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2017 22:37
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: