Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Ұлттық банкі 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 18:19 Zakon.kz
Ақшаның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер бейнеленген.
ҚР Ұлттық банкі 2017 жылдың 22 қарашасынан бастап жаңа үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банкноттың дизайны айналыстағы «Қазақ Елі» сериясының ақша белгілерімен бірыңғай стильде – бет жағында басым түрде тігінен бейнелер, ал сырт жағында көлденең түрінде бейнелер орындалған. Басым түсі – көгілдір-көк. Банкноттың өлшемі – 130х62 мм.

Жаңа банкноттардың дизайнын әзірлеудің және дайындаудың аса ұзақ процесс екендігін атап өтеміз. Осыған байланысты 2017 жылғы үлгідегі номиналдық құны 500 (бес жүз) теңгелік банкноттардағы мемлекеттік тілдегі жазулар банкноттың дизайнын әзірлеу сәтінде қолданыстағы, кириллицаға негізделген әліпбиге сәйкес орындалған.

Ұлттық валюта – теңге банкноттары мен монеталарындағы жазуларды өзгерту жұмысын Ұлттық Банк «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына сәйкес жүргізетін болады.

Банкноттың бет жағы

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 18:19

Негізгі бейнелер – банкноттың оң жағындағы «Қазақ Елi» монументі және ортасында төменгі бөлікте ұшып бара жатқан көгершіндер.

Жоғары бөлігінде ортасында және сол жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық бейнеленуі, сол жақта ортасында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік бейнеленуі орналасқан. Жоғары сол жақ бұрышында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба, оның астында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазба орналасқан.
Банкноттың сырт жағы

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 18:19

Негізгі бейнесі – Каспий теңізі, оның артында – Қазақстан картасының бейнесі. Сол жағында төменде және оң жағында жоғарыда банкнот номиналының цифрлық бейнеленуі, ал төменде ортасында – орыс тіліндегі әріптік бейнеленуі орналасқан. «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазба банкноттың сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар қолданылу кезеңі 2017 жылғы 22 қараша – 2020 жылғы 10 маусым болып белгіленді және «2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 207 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар қатар айналыста болу кезеңінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын еске салады.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: