«Статистика бойынша ауыл, орман, балық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің ең төмен жалақы алатынын білесіздер. Орман шаруашылығымен айналысатындарға келетін болсақ жалақылары 30-40 мың теңгенің айналасында. Мыңдаған гектар жерге қарайтын Ұлттық парк директорының өзі 80 мың теңге алады. Бірінші кезекте бұл мәселені шешу үшін 2019 жылдан бастап осы саладағы қызметкерлердің жалақысын 25%-ға дейін көтеруді қолға алып жатырмыз. Біліктілік талап ететін боламыз. Бұл да жалақыны 40%-ға дейін көбейтуге әсер етпек», - деді Қайрат Үстеміров.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?