Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады
22 Қараша 2017, 14:38
Сурет:
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, - деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Қазақстан Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.