Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада заңсыз қоян аулаған 4 азамат ұсталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 23:49 Zakon.kz
Тексеріс жүргізу барысында 3 дана аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Күдіктілер «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының 12-шақырымында 54 дана қоянның өлі денесін өз автокөліктерінде тасымалдап келе жатқанда ұсталған, - деп хабарлайды BNews.kz.

Кеше таңғы сағат 09.00 шамасында Қызылорда облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері экологиялық қылмыстарға қарсы жедел жұмыстарды жүргізу барысында «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының 12-шақырымында 54 дана қоянның өлі денесін өз автокөліктерінде тасымалдап келе жатқан 26, 41, 62, 63 жастағы 4 азаматты ұстады.

Тексеріс жүргізу барысында автокөліктің жүксалғышынан 3 дана аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Егер де ұсталғандардың қылмыстық әрекеті дәлелденсе, күдіктілерді белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, оларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынуы, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы, не болмаса жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін.

Фото: bnews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: