Бес боксшы қызымыз ӘЧ-ның жартылай финалына өтті

Zakon.kz Zakon.kz
Қазақстанның 10 спортшысының бесеуі жартылай финалға өтті.
Үндістанның Гувахати қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалистер анықталды, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, қандай елдер, қанша медаль иеленетіні бүгіннің өзінде белгілі. Атап айтқанда, Үндістан – 7, Ресей – 6, Қазақстан – 5, Қытай, Англия, Ирландия, Жапония, АҚШ, Түркия – 2 медальдан, Австралия, Тайбэй, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Польша, Таиланд, Украина және Вьетнам бір-бір медаль еншілейді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/1511417741_0000.jpg

Қазақстанның 10 спортшысының бесеуі жартылай финалға өтті. Атап айтқанда, 24 қараша күні қазақстандық Жансая Әбдірайымова (51) ринг иесі Джиотиге қарсы шығады, сондай-ақ Дина Исламбекова (+81) үндістандық тағы бір спортшы Неха Ядавпен қолғап түйістіреді. 25 қараша күні Жазира Орақбаева (48), Жансая Балтабекова (60) және Арайлым Бекділдә (81) рингке шығатын болады.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз