«7 қараша күні Әлия Алтуняй ХҚКО-ға құжат рәсімдеу үшін барады. Талон алғанша толғағы басталған. Орталық қызметкерлері тез арада жедел-жәрдем шақырады. Дәрігерлер келгенде әйелден су кете бастады. Ол перзентханаға жеткен бойда егіз баланы босанды», – деп жазды Мұрат Жұманбай Facebook желісінде.
«Анасы мен қыздарының жағдайы жақсы. Тіпті, бүгін Әлия есеп орталығына барып жәрдемақы құжаттарын рәсімдеді. «Азаматтық үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлия Алтуняйды құттықтап, деніне саулық, отбасылық бақыт тілейді», – деп жазды Жұманбай.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?