Елбасы белгілі дирижер Анатолий Молодовтың отбасына көңіл айтты
27 Қараша 2017, 17:24
Сурет:
Қазақстан Президенті белгілі хор дирижері, педагог Анатолий Молодовтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, - деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Ол өмірінің көп жылын мәдениеттің биік мұраттарына қызмет етуге арнады. Оның есімі Қазақстан хор өнерінің қалыптасуы мен дамуының тұтас бір кезеңімен байланысты», – делінген көңіл айту жеделхатында.
Сондай-ақ, жеделхатта А.Молодов отандық дарынды орындаушылардың шоғырын тәрбиелеп шығарғаны айтылған.
Елбасы соңында А.Молодовтың есімі қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын атап өткен.