28 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
28 Қараша 2017, 09:26
Сурет: today.kz
28 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, орталық өңірде және шығыста кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы, Қостанай, Маңғыстау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел күшейеді -15-20 м/с.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.