Жаңалықтар тізбегі
0

Келер жылдан бастап шартты ақшалай көмек жұмысбасты азаматтарға да тағайындалатын болады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2017 18:23 Zakon.kz
Сала басшысы бастаған мамандар аудандағы «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қарекеттерін де байқап көрді.
Келер жылдан бастап шартты ақшалай көмек жұмысбасты азаматтарға да тағайындалады. Ол үшін ай сайынғы отбасылық табысы күнкөріс деңгейінен төмен болуы тиіс. 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін жаңаша атаулы әлеуметтік көмек жүйесінде осындай өзгерістер енгізіліп отыр. Бүгінде осынау жаңалықтарды халыққа түсіндіру шараларына қызу кіріскен сала мамандары аудандарды аралап жүр. Сондай жиындардың бірі жуырда Шардара, Отырар аудандарында өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сала мамандары осылайша, азаматтарды масылдықтан арылтып керісінше, әркімнің мүмкіндігі мен қабілетіне қарай еңбек нарығына қатыстыруға болады дейді. Бұл ретте шартты және шартсыз ақшалай көмек беруді қадағалайтын арнайы комиссияға үлкен жауапкершілік артылып отыр,- дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев.

Келер жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мемлекеттік қызмет түріне енгізілетіндіктен бұл салаға бақылау күшейтіледі. Бұл қызметті іске асыруда халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталықтары күш біріктіріп жұмыс істейді. Қос мекеме арасындағы құжат айналымдарының көбеюіне байланысты мамандардың бір жерде орналасуы да маңызды дейді жауаптылар. Бұл жергілікті билік өкілдерінің құзырындағы шаруа. Ал әлеуметтік көмекке зәру бұқара халық жаңа жүйенің маңызды тұстарын біліп алғаны дұрыс. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек тұрғындарға тек тұрғылықты мекен-жайына қарай тағайындалады. Мамандар келер жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы кедейшілік деңгейі болуына байланысты ақшалай көмек те қомақты болғалы тұр дейді. Тек халықты қаражатты мақсатты әрі тиімді ұсатуға бағыттай білу керек дейді билік өкілдері.

Алдағы жылы қолданысқа енгізілетін өзгерістерді түсіндіру Отырар ауданында жалғасты. Онда алдымен жергілікті мамандар жиналған жиында тақырыпқа орай арнайы баяндама жасалып, соңынан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы осынау жәрдемге зәру тұрғындарға түсіндірілді. Салаға жауаптылар атаулы әлеуметтік көмекті іске асыру мерзімінің бұрыңғыдан қысқартылып отырғанын жеткізді.

Сала басшысы бастаған мамандар аудандағы «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қарекеттерін де байқап көрді. Петряковтар отбасының шеберханасында қазір ағаштан түрлі бұйымдар шығаруды қолға алған. Отағасы Андей Петряков қазір үстел, орындықтар мен қоса түрлі жиһаздарға тапсырыс қабылдап жатыр. Айта кетерлігі, осынау жобаға қатысқан отырарлықтардың дені мал шарушалығымен айналысуда. Солардың бірі Берік Жұмабаев тағайындалған қаражатқа қара мал сатып алған. Екі қолға бір күрек таппай келген тұрғын қазір жеке қосалқы шаруашылығын дөңгелетіп отыр.

Сала мамандары келер жылға дейін пилоттық жоба ретінде іске асырылатын «Өрлеу» жобасының келер жылы да жалғасатынын айтады. Шартты ақашалай көмек еңбекке қабілетті азаматтарға беріледі. Айта кетейік, жобаны іске асыруда күнгей тұрғындары белсенділік танытуда. Сонымен жаңа жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі. Яғни, аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға берілетін 3 түрлі мемлекеттік қолдау бұдан былай бір жәрдемақы арқылы берілетін болады. Бұл көмекке мұқтаждар саны саны қазір облыста 300 мыңға жуықтап отыр.

Фото: ontustik.gov.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: