Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанай түрмесіне есірткіні тоқашқа салып өткізбек болған

Тұрғын жазасын өтеушіге 0,64 грамм героин өткізбек болған.

Сурет : www.inform.kz28 Қараша 2017, 15:26
Қостанай облысының тұрғыны тоқаш ішіне героин жасырып, түрмеге «сәлемдеме» жіберген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

«34 жастағы облыс тұрғыны 47 жастағы жазасын өтеушіге «сәлемдеме» жіберді. Өткізілгелі тұрған азық-түліктерді тексеру барысында мекеме мамандары тоқаш ішінен сарғыш түсті 4 түйіншекті тапты. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде олардың есірткі заты - героин екені анықталды», - делінген таратылған хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мекеме қызметкерлерінен қулығын асырмақ болған тұрғын жазасын өтеушіге 0,64 грамм героин өткізбек болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Фото: www.inform.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер