Қостанайда 22 жастағы қызды танысы пәтерде буындырып өлтірген

Stan.kz Stan.kz
Полицияға мәйіт табылғаны туралы марқұмның құрбысы хабарлаған.
Қостанайда буындырып өлтірілген 22 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды. Ақпаратты қала прокурорының орынбасары Мұрат Оспанов растады, - деп хабарлайды alau.kz.

Полицияға мәйіт табылғаны туралы марқұмның құрбысы хабарлаған.

“Әйел пәтерден 22 жастағы құрбысының денесін тапқанын мәлімдеді. Оқиға орнына Қостанай ІІБ жедел тергеу тобы аттанды. Бойжеткеннің денесінде күштеп өлтіру белгілері болды. Болжам бойынша ол жоғарғы тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясынан өлген. Басқа жарақат ізі жоқ”, — деді Оспанов.

Аталған фактіге қатысты “Адам өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бойжеткенді өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды.

Фото: stan.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз