Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Роза Рымбаеваны Семей әкімі бес жыл бойы қалаға кіргізбей қойған

Сахнада айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін қалаға келтірмей қойыпты.

Сурет : Хабар 2430 Қараша 2017, 11:50
Қазақтың атын әлемге танытқан әйгілі әнші Роза Рымбаева бес жыл бойы Семей әкімінен қысым көргенін айтып берді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Туған жері Семейге концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.

«Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді», — деп ағынан жарылды әнші.

Сахнада айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін қалаға келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтты.

Алайда шендінің атын атап, түсін түстемеді. Сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйікті әншісі Семейге гастроль түгілі қыдырып та келе алмағанын алға тартты.

Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып туған жеріне жеткен. Айтуынша, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.

Фото: 24.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер