Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Маңғыстау облысында көлік апатынан 4 адам көз жұмды

Кейінірек осы жолда екінші бір көлік оқиғасы болды.

Сурет : Фото: Lada.kz5 Желтоқсан 2017, 09:04
Шетпе-Бейнеу тас жолында бір күнде екі көлік апаты болып, төрт адамның өмірін қиып кетті. Жол апаты 1 желтоқсанда болған. Toyota Camry көлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан, - деп хабарлайды Lada.kz.

«Жеңіл көлік автожолдың 210-шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп, фураға соғылған. Toyota Camry көлігінің 1992 жылы туған жүргізушісі мен 1951 және 1964 жылғы жолаушысы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі ажалдан аман қалды», – деді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Абил.

Кейінірек осы жолда екінші бір көлік оқиғасы болды.

«Renault көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada Largus көлігіне соғылған. Апаттан Lada-ның бір жолаушысы ажал құшты. Қалғандары аман», – дейді Жазира Абил.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер