Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда мерекелік безендіруге 175 млн теңге жұмсалады

Алматыда бас шыршаның шамдарын 18 желтоқсан күні жағу жоспарланған.

Сурет : Фото: gdb.rferl.org6 Желтоқсан 2017, 14:28
Алматыда қос мереке алдындағы безендіру жұмыстарына 175 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл қалалық Мәдениет және архив басқармасына ҚР Тәуелсіздігі күні және Жаңа жыл мерекесі алдындағы безендіру жұмыстарына 175 млн теңге бөлініп отыр. Былтыр бұл сома 215 млн теңгені құраған болатын.

«Биыл тек басты көшелер ғана емес, 8 аудандағы көшелердің барлығы әрленеді. Қаладағы ұзындығы 260 км болатын барлық көпірлер мен жол айырықтарында гирляндалар, иллюминациялар, барлығы 6800 элемент ілінеді, сондай-ақ шағын архитектуралық мүсіндер мен кронштейндер орнатылады. Бұлардың барлығы келесі жылы да пайдаланылатын болады. Одан бөлек әр ауданның әкімдіктері шырша орнатып, балаларға мерекелік шаралар өткізеді», - деді қалалық Мәдениет басқармасынан.

Қалада 18 желтоқсаннан кейін Республика сарайы, Абай атындағы опера және балет театры, ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Алматы арена сарайы маңында 15 шырша орнатылады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бас шыршаның шамдарын 18 желтоқсан күні жағу жоспарланған.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер