Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Ибрагимов продюсерімен жұмысты тоқтатуының себебін айтты

Фото: juldyz-alem.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2017 21:20 Фото: juldyz-alem.kz
Серік инста-парақшасында продюсерінің Алтынбек екенін әлі өзгертпеген.
Продюсер Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимовтың арасындағы әріптестік байланыс ресми үзілді. Бүгінде Серік жеке кеткен, ал бұрынғы басшысы жаңа өнерпаздарды қанатының астына алды. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, - деп жазады Stan.kz.

“Ұсыныс Серіктің тарапынан түсті. Жанұялы болды, балалы болды. Қазір жанымда ұстап, маңдайынан шертіп отыратын жағдайда емес ол. Сондықтан, қанаты қатайды деуге болады. Қанаты қатайғандардың ұядан ұшып кететін жағдайы бар. Оған біз дайын болдық”, – дейді Алтынбек Рахметов.

“Негізі уақыт келді. Ойбай, кетіп қалыпты, бет көріспейді деген әңгіме емес. Сондықтан ағамыздың да, менің де бетім ашық. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде жүзесіп, амандасып, сөйлесіп кете береміз”, – дейді Серіктің өзі.

Серік инста-парақшасында продюсерінің Алтынбек екенін әлі өзгертпеген. Бәлкім, бұрынғы басшысына деген құрметі болар. Ал, Ибрагимовті тойында көргісі келетіндер Рахметовке телефон соғып, тыныштық бермейтін көрінеді.

“Қазірге дейін Серікті менің телефоныма звондап, тойға шақырып тұрады. Бағдарламаларға шақырады, администратордың телефонын беремін. Тікелей хабарласа беріңіздер, қазір қолым тимей тұр, графигі өзінде, соған хабарласыңыздар деймін”, – дейді Рахметов.

Бүгінде Алтынбек мырза жаңа жобаның тізгінін қолға алған. Ол, алдағы уақытта, бірнеше отандық ән додаларының финалисі Райымбек Сатыбалды есімді жас әншінің жұлдызын жағуға ниетті.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: