Бангладеш рохинджа мұсылмандарын елсіз аралға қоныстандырмақ

Фото: Sputniknews.kz Фото: Sputniknews.kz
620 мыңға жуық рохинджалық Мьянмадан Бангладешке ауған болатын.
Бангладеш билігі 100 мың рохинджалықты су тасқынынан көз ашпайтын елсіз аралға қоныстандырмақ. Ол – Бенгал шығанағындағы Тенгар Чар аралы. Америкалық СNN телеарнасының мәліметінше, бұл жоспар мақұлданған, - деп хабарлады "Астана" арнасы.

2019 жылдың қарашасына дейін іске асуы тиіс жоспар билік үшін 278 млн долларға түспек. Жуық арада елсіз аралда құрылыс басталмақ. Бірақ халықаралық құқыққорғау ұйымдары босқындарды қоныстандыру жоспарын сынға алды. Алайда, Бангладеш билігі зерттеу жүргізіп, арнайы жұмыстар жүргізілсе, елсіз аралға адам қоныстандыруға болатыны дәлелденді деп отыр.

Жағалауды бекітіп, арнайы қондырғымен су тасқынының алдын алуға болады деген шешімге келген. Жоспар бойынша аралда 1,5 мың барак тектес үй мен 120 босқындар орталығы тұрғызылмақ.

Айта кетейік, 620 мыңға жуық рохинджалық Мьянмадан Бангладешке ауған болатын. Бұған Ракхайн штатындағы жылдар бойы созылған мұсылмандар мен бирмандықтар арасындағы қақтығыс себеп.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз