Семейдегі қонақүйлердің бірі тоналды

Фото: Хабар 24 Фото: Хабар 24
Кассадағы 15 мың теңге ақшаны алып қашып кеткен

Желтоқсанның 6-сы күні сағат 23:55-те «102» желісіне қаладағы қонақүйлердің бірі тоналғаны жөнінде хабар келіп түсті, - деп жазады Хабар 24.

Оқиға орнына жедел барған полиция патрулі ғимаратқа 2 жас жігіттің кіріп келіп, қару кезеніп, қорқыту арқылы кассадағы 15 мың теңге ақшаны алып қашып кеткені жөнінде ақпарат алады. Бұдан кейін қаланың Ішкі істер басқармасының жеке құрамы аяғынан тік тұрған. Бейнебақылау камералары арқылы әлгі екеудің көшеде кетіп бара жатқаны анықталып, дереу ұсталады. Газбен атылатын тапанша мен бетперде де тәркіленеді. Бұлардың бірі 27 жастағы бұрын сотталған азамат екені, екіншісі 19 жастағы сотталмаған қала тұрғыны екені анықталды. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз